Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан банктерінде депозитте сақталған қаражат мөлшері артты.
Ұлттық Банк мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салым мөлшері 14,8 трлн теңгеден асқан. Ал 2016 жылдың маусым айында бұл көрсеткіш 10,7 трлн теңгені құраған. Осылайша, бес жыл ішінде бұл сома 38,3%-ке немесе 4,1 трлн теңгеге артты.
Жеке тұлғалардың салымдары 9,9 трлн теңге (+57,1%), ал заңды тұлғалардың салымдары 4,9 трлн теңгені (+11,3%) құрады.
Өңірлер бойынша ең көп қаражат мөлшері Алматы қаласында 6 трлн теңге және Нұр-Сұлтан банктерінде 3,2 трлн теңге жинақталды. Одан әрі Қарағанды облысы – 731,5 млрд теңге, ШҚО – 655 млрд теңгеден астам, Қостанай облысы – 520,5 млрд теңге, Павлодар облысы – 511,3 млрд теңге, Атырау облысы – 490 млрд теңгеден астам және Ақтөбе облысында 476 млрд теңге сақталған.
Депозиттердегі ең аз ақша Қызылорда облысында – 159,4 млрд теңге және Түркістан облысында – 58,5 млрд теңгені құрады.