| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы ахуал мен екіжақты қатынастарды талқылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Телефон арқылы өткен әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға ерекше назар аударды. Қазақстан тарапы өңірдегі шиеленістің өршуіне алаңдаушылық білдіріп, мәселені бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.
Осы ретте ресми Астана келіссөздерді ұйымдастыру үшін Түркістан қаласын бейтарап алаң ретінде ұсынуға дайын екенін жеткізді. Бұл бастама аймақтағы тұрақтылықты сақтау мен дипломатиялық диалогты дамытуға бағытталған.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты. Диалог алдағы уақытта да түрлі форматта жалғасады деп күтілуде.