Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көптің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
"Қазір жұмыс істеп тұрған өзге қайырымдылық орталықтарының жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Біздің елде ондай бірлестіктер өте көп. Оларда ресурс жетпей жатыр. Сондықтан олардың серіктесі боламыз. Олардың тәжірибесі мен кеңестері де өте маңызды. Ақша көмек алушыларға тікелей түседі. Ол дәнекерші қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге асырылмайды", - деді Болат Жәмішев.
Оның сөзінше, қордағы қаржы барлық проблеманы шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз басымдықтарды анықтауымыз керек, деді қор төрағасы.
"Қамқорлық кеңесінде біз Қордың стратегиясын талқыладық. Бұл кеңес ешқандай жалақы алмайды. Олар қоғамдық қызмет ретінде міндеттерді орындайды. Жұмыс тобы барысында бұл мәселелерді талқыладық. Серіктестерді де дұрыс таңдау мәселесі көтерілді, - деді Болат Жәмішев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын.