Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көмекке мұқтаж қазақстандықтар, сондай-ақ жан-жақты көмек көрсетуге ниет білдірген демеушілер өз өтініштерін "Қазақстан халқына" қорының цифрлық платформасы арқылы бере алады.
www.qazaqstanhalqyna.kz сайты – кез келген адам жобалар бойынша жаңалықтармен, қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша қаржылық есептермен, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерімен таныса алатын ақпараттық портал.
Қайырымдылық көмекке қалай жүгінуге болатыны туралы қадамдық нұсқауларды "Өтінішті қалай бере аламын" бөлімінен қараңыз. Осылайша, пайдаланушылар автоматты түрде www.atamekenim.kz порталына Қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасына жіберіледі.
www.atamekenim.kz сайты қайырымдылық ұйымдарының халықпен жұмыс жасайтын алаңы болып табылады. Сайт eGov.kz электрондық үкімет порталының кейбір мәліметтер базасымен біріктірілген. Алдағы уақытта өтініш берушілердің мәртебесі туралы толық ақпарат алу үшін порталды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың барлық қолжетімді деректер базаларымен интеграциялау жұмыстары жүргізілетін болады.
Тұтынушы автоматты түрде Atamekenim.kz порталына ауысады. Бұл – қайырымдылық ұйымдарының тұрғындармен жұмыс істеуіне арналған платформа. Денсаулық, білім және ғылым, тұрғын үй жағдайлары, базалық қажеттіліктер және өзге де бағыттар бойынша жұмыс істейді.
Тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау үшін қордың әр бағыты бойынша сарапшылар комитеті құрылған. Қордың сарапшылар комитетінде қоғамның пікірі де есепке алынуына баса назар аударған. Осыған байланысты тұрғындар өз ұсыныстарын сәйкес сайт арқылы қалдыра алады.
Тағы көру