Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінен 85 млрд йен қарыз алмақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Парламент Мәжілісінің қарауына "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы ұсынылды.
Бұл заң жобасы 2024 жылдың 18 қарашасында Үкімет қаулысымен енгізілген.
- Келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалды. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен көлемінде беріледі, ал оның өтелу мерзімі 11 жылды құрайды. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін алынуда. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды жасауға дайын, – деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.
Сонымен қатар, бұған дейін Парламент Мәжілісіне "Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобалары ұсынылған болатын. Бұл екі құжат бойынша жалпы қарыз көлемі 105 млрд йенді құрайды.