| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мектептерінде жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің бөлігіне айналмақ, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба алдымен Астана мен Алматы қалаларында пилоттық түрде жүзеге асырылады, кейіннен еліміздің басқа өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізілмек.
- Жүзу сабағы – әр бала үшін қолжетімді болуы тиіс. Бұл біздің басты мақсатымыз. Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру – федерацияның негізгі бағыты, – деді Баландин.
Бұл бастама арқылы оқушылар жүзудің негізгі әдістерін меңгеріп, суға бату қаупін азайтуға бағытталған тәжірибелік білім алады.