Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Сан-Марино визасыз режимге қол қойды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Сан-Марино визасыз режимге қол қойды

14.11.2023
1 мин
0
537
Фото: Depositphotos

Қазақстан мен Сан-Марино үкіметтері визасыз режимге қол қойды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі.

8 қарашада Сан-Марино қаласында Қазақстан үкіметі мен Сан-Марино үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылған. Қос ел азаматтары енді 90 күн визасыз жүре алады. 

“Құжатты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірлеп, оған Қазақстанның Сан-Маринодағы қоса атқарушы елшісі Ерболат Сембаев пен Сан-Мариноның Сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойды”, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл екі ел арасындағы келісім талаптарын түсіндірді.

“Аталған шартқа сәйкес, жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар Қазақстан мен Сан-Марино азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсаттағы бірреттік немесе бірнеше рет іссапарға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады”, - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл