Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойылған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға қосымша серпін беру.
Құжат ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтиды, оның аясында бірқатар екіжақты келісімдер күшіне енді. Ол саяси, экономикалық, транзит-көлік, су-энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар құру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ екі елдің рухани және мәдени жақындығын нығайту арқылы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сонымен қатар келісім қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға бағытталған. Оның ішінде терроризм, экстремизм, сепаратизм, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, адам саудасы, қару-жарақтың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы бар.