Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан вакцинаны қашан сатып алады?
Жаңалықтар

Қазақстан вакцинаны қашан сатып алады?

13.08.2020
1 мин
0
1471

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше сатып алмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты.

"COVID-19-ға қарсы вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткенде ғана сатып алынады. Сарапшыларымыздың айтуынша, әлемдегі үздік зертханалар үшінші кезеңде (вакцинаны дайындау бойынша - ескерту) екен. Алда тағы төртінші кезең бар. Бірақ бұған әлі ешкім жеткен жоқ. Осыдан кейін ғана халықаралық сертификаттаудан өту басталады. Оның қандай елде және қандай зертханада өтетіні әлі белгісіз", - деді Қоджахметов.

Ол Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша басқа елдермен уағдаластығы жоқ екенін атап өтті.

"Вакцина клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше Қазақстан оны сатып алмайды. Қазақстан тек барлық халықаралық сертификаттаудан және тексерістен өткен вакцинаны сатып алады. Бірақ қазіргі таңда әлемде ондай вакцина жоқ", - дейді ресми өкіл. 

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл