Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр. Ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөщ қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.
Сары құрлық чемпионатының нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынды жарыс қожайыны Таиланд алса, үздік үштікті Вьетнам түйінеді. Биылғы бәсекеде барлығы 15 ел жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы Районгта сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсті. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.
фото: МСМ