| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан бензин, дизель отыны және авиациялық отын импортына қатысты кедендік баж салығын уақытша нөлге дейін төмендету мәселесін қарастырып жатыр. Бұл шара ішкі нарықтағы сұранысты тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынбақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда жанармай импортын жеңілдетуге бағытталған жаңа бастама талқылануда. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қаралып жатыр. Ұсыныс бойынша елге әкелінетін жанармай түрлеріне салынатын кедендік баж салығын уақытша нөлдік деңгейге дейін төмендету көзделген.
Жоспарланған өзгеріс бензинге, дизель отынына және авиациялық керосинге қатысты болуы мүмкін. Бастаманың негізгі мақсаты – ішкі нарықтағы қажеттілікті толық қамтамасыз ету және жеткізу көздерін әртараптандыру.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан әлі де авиациялық отынға қатысты сұранысын толық көлемде өз өндірісі арқылы өтей алмай отыр. Осыған байланысты өнімнің бір бөлігін үшінші елдерден сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда.
Баж салығын уақытша алып тастау туралы келісімді бір жыл мерзімге бекіту ұсынылған. Сонымен қатар ел ішінде жанармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай өнімдерін экспорттауға қойылған қолданыстағы шектеулер сақталады. Бұл шектеулер нарықтағы жағдайға қарай тұрақты түрде қайта қаралып, ұзартылып отырады.
Мамандардың пікірінше, мұндай шешім ішкі нарықтағы жанармай қорын тұрақтандыруға және тұтынушылардың сұранысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.