| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ 21 қаңтардан бастап 75 елдің азаматтарына, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Иран тұрғындарына иммиграциялық визаларды уақытша беруді тоқтатпақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл ақпаратты ресми түрде растады.
Иммиграциялық виза АҚШ-та тұрақты тұруға, яғни грин-карта алуға мүмкіндік береді. Бұл тек туристік (B1/B2), студенттік (F-1) немесе уақытша жұмыс (H-1B, L-1) визаларына қатысты емес.
Шектеуге енгізілген елдер қатарына Ауғанстан, Армения, Бразилия, Ирак, Бангладеш, Барбадос, Беларусь, Белиз, Йемен, Сомали, Нигерия, Камбоджа, Камерун, Кабо-Верде, Колумбия, Кот-д’Ивуар, Куба, Ямайка, Иордания, Танзания, Тайланд, Того, Тунис, Уганда, Уругвай және басқа мемлекеттер кіреді. Бұл шара иммиграциялық визаларды әлеуметтік қолдауға тәуелді болуды жоспарлайтын азаматтардан қорғау мақсатында енгізілген.
Сонымен қатар, 38 елдің азаматтары туристік және іскерлік визаларға өтініш бергенде $5–15 мың аралығында кепілдік төлем жасауға міндетті болады. Мұндай талап Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан азаматтарына да қатысты.