Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенде 100 млн долларға жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, отандық компания балалар тағамын өндіретін зауыт пен сегіз сүт-тауар фермаларын салуды жоспарлап отыр.
"Жобаларға салынатын инвестиция көлемі 100 млн долларды құрайды", – деп толықтырды Мұхамбетов.
Сондай-ақ, ол жаңа нысандарды іске қосу барысында 1,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатынын атап өтті.