Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жоба, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Негізгі серіктестер: Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.
Жобаның мақсаты – халықтың репродуктивтік денсаулық, инфекциялық аурулардың алдын алу, отбасыны жоспарлау және жауапты ата-ана болу мәдениеті туралы білімін арттыру. Негізгі мақсатты топ – жастар, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлер және ата-аналар.
Апта барысында еліміздің барлық өңірінде келесі іс-шаралар өтеді:
Апта күндерінің тақырыптары:
Іс-шаралар #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025 хэштегтерімен жарияланады. Толық ақпарат: www.rephealth.kz
Жоба аясында басты назар жасөспірімдер мен жастарға аударылады, өйткені дәл осы жаста өмір бойы сақталатын дағдылар қалыптасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді.
Бүгінде елімізде 103 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді. 2026 жылға дейін балалар гинекологиясын дамытуға арналған Жол картасы бекітілген. Ауылдық жерлерде қыз балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсету тетіктері енгізілуде. Сонымен қатар, балалар гинекологтарын қайта даярлау курстары өтуде.
2025 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Аналар саулығы» бағдарламасы – фертиль жастағы әйелдердің денсаулығын бағалап, оларды жүктілікке және дені сау сәбиді дүниеге әкелуге дайындауға бағытталған.
ЮНФПА мәліметі бойынша, Қазақстанда көптеген жасөспірім жыныстық өмірге ерте араласу қаупі мен оны болдырмау тәсілдері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес:
Жатыр мойны обыры – әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында. Жыл сайын 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеліп, шамамен 600 әйел көз жұмады. Бұл дерттің алдын АПВ-ға қарсы вакцинация арқылы алуға болады.
Бүгінге дейін 11–13 жас аралығындағы 150 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы толық вакцинация курсынан өтті. Жанама әсерлер тіркелмеген.
АПВ-ның ең қауіптісі – 16 және 18 онкогенді түрлері, олар жатыр мойны обырының негізгі себебі болып табылады. Вакцинация ағзада тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың даму қаупін айтарлықтай азайтады.