Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында қант зауытын 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS.
Жамбыл облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлағандай, техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
«Жоба 2023 жылы іске қосылып, 250-300 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, жобаның жалпы құны 93 млрд теңге. Зауыттың өңдеу қуаты тәулігіне 8 мың тонна қант қызылшасын, ал қант өндірісі жылына 150 мың тоннаны құрайды. Жоба іске қосылғаннан кейін 300 жұмыс орны ашылады.