Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде алтыннан жасалған әшекейлердің бағасы өткен жылмен салыстарғанда 10 пайызға өскен. Шамамен алтынның бір граммы - 18 мың теңгеден басталады.
Алтын бағасы әсіресе Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырауда айтарлықтай қымбат.
Энерджипром.кз мамандарының мәліметінше, шілде айында отандық кәсіпкерлер 63 миллион теңге көлемінде алтын әшекейлер сатқан. Бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары емес. Мамандар бұл жағдайды елдегі жұмыссыздықпен байланыстырып отыр.
Ал әлемде алтынға деген сұраныс төмен. Әлемдік дағдарысқа байланысты сату деңгейі 40 пайызға азайған. Өткен жылы әлемде зергерлік бұйым саласында ақша айналымы 200 млрд доллар болған. Ал биыл әшекейге сұраныс жоқтын қасы. Әсіресе алтынға деген сұраныс Қытай, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуроодақ елдерінде төмендемек.