Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда амбулаториялық қызметтер бағасы қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда амбулаториялық қызметтер бағасы қымбаттады

06.05.2022
1 мин
0
1043

Осы жылдың наурыз айында амбулаториялық қызметтердің бағасы бірден 3,5%-ға өсті. Жыл басынан бері баға 6,1%-ға, бір жылда - 9,7%-ға қымбаттаған.

Өңірлік бөліністе бір айда Ақмола облысының тұрғындарына бағаның өскені қатты білінді (9,5%). Анти лидерлердің үштігінде Алматы облысы (7,7%) және Алматы (6,1%) қаласы бар. Қазақстанның 17 өңірінің 4-еуінде бағалар бұрынғы деңгейде қалды. Жыл басынан бері баға Түркістан облысында бірден 12,5%-ға, Ақмола облысында — 9,5%-ға, Алматы облысында - 8,5%-ға өсті.

Айлық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауы наурыз айында 4,3%-ға, стоматологиялық қызметтер — 3,4%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері — 3%-ға, амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметтері - 2,4%-ға қымбаттады.

Осы жылдың наурыз айында дәрігердің алғашқы қабылдауы ел бойынша орташа есеппен 3,9 мың теңгені құрады. Ірі қалалар арасында алғашқы қабылдау Атырау (5,2 мың тг), Нұр-Сұлтан (5,1 мың тг) және Алматы (4,9 мың тг) қалаларында қымбат болды. Ең арзан қызмет Түркістанда (2,5 мың тг).

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл