Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ақылы мектептерде білім алу құны қанша?
Жаңалықтар

Қазақстанда ақылы мектептерде білім алу құны қанша?

03.08.2023
1 мин
0
851
Фото: aikyn.kz

Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрінің бұйрығы жарияланды. Құжат бойынша елімізде ақылы мектептерде білім алуға ата-аналар төлейтін төлемақы мөлшері 2 есеге қысқартылатыны көрсетілген, деп хабарлайды Dauletten.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұйрық жобасында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және мыналарды:

республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 600 еселенген мөлшерінде және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 200 еселенген мөлшерінде Халықаралық бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері бекітілсін делінген. 

«Мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшеріне білім алушылардың тұру (интернаттық ұйымдар), оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және (немесе) кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайды», – делінген бұйрықта. 

Айта кетейік, бұған дейін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін жекеменшік ұйымдардаға ата-аналардың төлемақысы 1 200 АЕК-ті, ал Халықаралық бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік ұйымдарында 2 400 АЕК-ті құраған болатын.

Қазақстанда 1 АЕК 3 450 теңгені құрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл