Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда әр жұма ұлттық киім кию флешмобы жалғасын таппақ. Осымен үшінші рет қайталанып отырған «Ұлттық сезім» акциясының бастамашысы – YPO Kazakhstan төрағасы және «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев.
Бүгінде бұл бастаманы Ұлттық спорт қауымдастығы және оның құрамына кіретін федерациялар, сондай-ақ еліміздің жетекші ұйымдары мен флешмобтың бастамашысы – YPO мүшелері компанияларының 15 000-нан астам қызметкері белсенді түрде қолдап отыр. Олардың қатарында Kusto Group, Magnum, Viled Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp. және тағы басқа ірі компаниялар бар.
Сонымен қатар, жоба Қазақстан бойынша кең таралып, оған еліміздің жетекші білім ордалары – KazGasa университеті, ХБK, Kau School, High Tech Academy, Zhubanov University қосылуда.
Ал биыл наурыз айында Шымкент қаласында өтетін бәйгеден ҚР чемпионаты аясында ұлттық костюм байқауы ұйымдастырылады. Ол осы жылдан бастап «Ұлттық сезім» деп аталады.
2023 жылдың 1 желтоқсанында басталған акция әр аптаның жұма күндері өтеді. Ол жасына, жынысына және орналасқан жеріне қарамастан барлық адамға мәдени қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қатысушылар санын көбейту, костюм тарихшыларымен, сән үйлерімен және қолөнершілермен кездесулер өткізу арқылы ұлттық киім туралы мол мағлұмат беру көзделіп отыр.