Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстанда әрбір үшінші оқушы әлімжеттік көреді» - Нартай Аралбайұлы
Жаңалықтар

«Қазақстанда әрбір үшінші оқушы әлімжеттік көреді» - Нартай Аралбайұлы

20.04.2023
2 мин
0
1271

Елімізде әрбір үшінші оқушы әлімжеттікке ұшырайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттық сауал жолдаған Сәрсенғалиев кейінгі кезде болған жаңалықтарды тізіп шыққан.

«Жақын күндері болған сұмдық оқиғалардың бірқатарын айта кетейік:

Сәуір айының басында Түркістан облысы Төрткүл ауылында су каналынан 15 жасар қыздың өлі денесі табылды. 9 сыныпта оқыған жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды. Біреуі марқұммен бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысы, екіншісі 19 жастағы сол ауылдың тұрғыны. Белгілі болғандай күдіктілер  жасөспірім қыздан 1 млн теңге бопсалаған.

Алматы облысындағы Саты ауылында орын алған қайғылы оқиға төбе шашымызды тік тұрғызды. Алдымен 10 сынып оқушысының көз жұмғанын естідік. Белгілі болғандай, 11 сынып оқушысы 10 сынып оқушысына әлімжеттік жасап ұрған. Салдарынан бала тіл тартпай кетті. Марқұм болған 10 сынып оқушысының жерлеуінен кейін оның досы, сыныптасы өз өзіне қол салып қайтыс болды. Соңғы хатында ол: «мені досымның қасына жерлеңдер» депті. Күдікті ретінде танылған 11 сынып оқушы қазір үйқамақта екен. Бұл  жайтта марқұмның туыстарының наразылығын тудырып отыр. 

Осы тұста марқұм болған 3 баланың ата-ана, туыстары хабарласып тергеудің әділ өтуін, айыптылардың жазалануын талап етуде. Бұл да болса халықтың тергеуге, әділетті сотқа толық сенбейтінінің көрсеткіші.

Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік туралы айтсақ таңды таңға ұруға болады. Жуырда орын алғандарын атасам, Өскеменде 17 жасар колледж студентін мектеп оқушылары бірнеше рет жабылып ұрған.

15 сәуірде Семей  қаласында жаттығудан шыққан кәмелет жасына толмаған қызды бір топ қыз жабылып сабаған.

Қызылорда облысында 9 сынып оқушысын 5 бала аяусыз соққыға жыққан. Ауыр жарақат алып миы шайқалған оқушы аудандық аурухана жатқызылды.  Ағайын арызданған соң Түркістан облысындағы Айнатас ауылына аяқтай бардым, жұрттың жанайқайын естіп жағамызды ұстадық. Ауылда мектеп болмағандықтан халық балаларын көрші ауылдағы білім ордасына жібереді. Бірақ оқуға кеткен балалар көкала қойдай болып таяқ жеп келеді екен. Тіпті қыста оқушыларды сабап, киімдерін шешіп алып үйлеріне жіберген. Мектептің көрші ауылда екенін ескерсек, Айнатасқа жеткенше оқушылардың нендей күйге түскенін бағамдай беріңіздер. Менімен кездескен ата-аналар: «баламыз өлтірсеңде мектепке бармаймын деп үйде жатыр» деді. Тізе берсек факт өте көп»,- дейді Аралбайұлы.

Депутаттың сөзінше, елімізде әрбір үшінші оқушы буллингке ұшырайды.

«Зерттеулерге сүйенсек Қазақстандағы әрбір үшінші оқушыға әлімжеттік жасалады екен. Салдарынан болған суицидтің саны бойынша әлемде соңғы орында емес екенімізді білесіздер»,- деді ол сауалында.

Фото: blog.cognifit.com

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл