Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ажырасу көп болатын қалалар анықталды
Жаңалықтар

Қазақстанда ажырасу көп болатын қалалар анықталды

16.03.2023
1 мин
0
1729

Елімізде ең көп неке Алматы қаласында тіркеледі екен. Айта кетерлігі, ажырасу бойынша да аталған қала алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Dauletten.kz Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Өткен жылы елімізде 128,5 мың жұп некесін қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз.

Қалаларда неке қидыру көрсеткіші бір жылда 14%-ға, (85,5 мыңға дейін) қысқарды, ал ауылдарда керісінше, 5,4%-ға (43,1 мыңға дейін) өсті.

Былтыр елімізде 17,7 мың жұп ажырасқан, бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,1%-ға азайған. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 11,9%-ға (13,1 мыңға дейін) азайса, ауылдарда 4,7%-ға яғни 4,6 мыңға артқан.

Өңірлер бойынша ең көп неке (13,6 мың) Алматыда тіркелген. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,6%-ға аз.

Одан әрі үштікке халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы (жылына 13,3 мың, минус 4%) және Астана қаласы (10,7 мың, минус 12,7%) кіреді.

Ең аз неке Ұлытау облысында тіркеліп отыр.

Ажырасу саны бойынша Алматы (2,3 мың), Астана және Қарағанды облысы (әр өңірде 1,6 мың ажырасу) алдыңғы қатарда.

Ал Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облысында ажырасатындар қатары аз.

Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,29-дан 6,46-ға дейін төмендеді. Некенің ең жоғары коэффициенті елордаға тиесілі.

Атап айтқанда, 1000 адамға шаққанда 7,72 құрайды. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Қарағанды облысы кіреді.

Қазақстанда ажырасу коэффициенті де 1000 адамға 1-ден 0,89-ға дейін төмендеген.

Өңірлер бойынша жоғары коэффициенттер ШҚО, Қарағанды және Павлодар облысына, ал ең азы Түркістан облысында тіркелді.

БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, ТМД елдері арасында 2021 жылы ең жоғары неке коэффициенті Өзбекстанда тіркелді (1000 адамға 8,8) тіркелді.

Екінші және үшінші орында Молдова мен Қырғызстан (1000 адамға 8,6 және 7,6) орналасқан.

Қазақстанға келсек, коэффициент 1000 адамға шаққанда 7,4 құрады. Одан әрі Беларусь 6,4, Әзірбайжан 5,6, Армения 4,1 және Украина 4.

Ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Молдовада байқалды, 1000 адамға шаққанда 3,8 келеді. Одан кейін Беларусь пен Украина (1000 адамға 3,7 және 2,9) келеді.

Қазақстанда коэффициент 1000 адамға 2,5 құрады. Сонымен қатар Қырғызстанда 1,8, Әзірбайжанда 1,7, Өзбекстанда және Арменияда 1,1.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл