Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда банк есепшотын ашуға қатысты маңызды ақпарат шықты
Жаңалықтар

Қазақстанда банк есепшотын ашуға қатысты маңызды ақпарат шықты

26.07.2021
1 мин
5
1334

"Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында тіркелген криптобиржалар жақын арада банктермен жұмыс істей бастайды.

Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығы қазақстандықтар үшін цифрлық актив операциялары қолжетімді болатынын хабарлады, деп жазады "Хабар 24".

Екінші деңгейлі банктердің қайсысы криптовалютамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Нақты тізім жасалған жоқ.

Бұл жоба бастапқыда бір жылға жоспарланып отыр. Алайда нарық қатысушылары енді Қазақстанда криптовалютаға қатысты тыйым жойылады деген үмітте.

Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығының аға үйлестірушісі Сергей Путраның сөзінше, бұл Қазақстан үкіметі криптовалютаны дамытуға қадам жасағанын білдіреді.

Мұның бірінші себебі - әлемдік майнингтің 6-8%-інің Қазақстанда жасалуы.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар цифрлық активтерді белсенді сатады. Кейбірінің құны, тіпті, бірнеше миллион доллар.

"Криптовалютадан Қазақстанға салық ретінде ақша түседі. Жұмыс орындары пайда болады. Бұл Қазақстан әлі күнге дейін меңгермей жүрген ауқымды индустрия", - деді Путра.

Криптобиржаға кіру үшін АХҚО-да тіркелген банктердің бірінде заңды тұлғаның есепшоты болуы тиіс. Ол шоттан ақша аударып, криптовалюта сатып алып, биржада түрлі операцияларды жүзеге асыруға болады. Инвестор табыс таба алады. Банк транзакциялар бойынша делдал қызметін атқарады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
Ж
Жумагул 26.07.2021
Оте жаксы болады
Жауап беру
м
мадияр 26.07.2021
салқын
Жауап беру
м
мадияр 26.07.2021
салқын
Жауап беру
с
салқын 26.07.2021
салқын
Жауап беру
Р
Римма 26.07.2021
Долларың көп болу керек шығар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл