Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін

03.05.2024
1 мин
0
496
Фото: clubkrasoty.com

Қазақстанда бірнеше кредиті бар азаматтарға да автонесие беру жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізбек. Құжат қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлайды dauletten.kz.

Бұл бастама отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту және жеңілдетілген автонесие аясында көлік сатуды қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа автокөлік сатып аларда қарыз алушыныың борыш жүктемесі коэффициентін есептеуге қойылатын талаптар өзгертіледі. Осылайша бірнеше несиесі барларға да автокредит берілуі мүмкін.

Банк автонесиені мақұлдаған соң, көлік кепілге қойылады. Егер қарыз алушы кредитін өтемесе, банк автомобильді сату арқылы берешекті жабады.

Автокөліктің нарықтағы орташа құны тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде анықталады.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 15 мамырға дейін талқыланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл