Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда брендтік аяқ киімнің бір айдағы көлемі 80%-ға артты
Жаңалықтар

Қазақстанда брендтік аяқ киімнің бір айдағы көлемі 80%-ға артты

12.04.2023
1 мин
0
601

Кейінгі деректер бойынша биыл наурызда 6 145 348 аяқ киім таңбаланып, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 80%-ға (3 365 438) жоғары. Сонымен қатар 2022 жылмен салыстырғанда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіндегі бизнестің белсенділігі 46%-ға ұлғайғаны байқалып отыр.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде аяқ киім өнімдерін таңбалау мен қадағалау ережелері толық күшіне енді. Демек бұдан былай тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады.

Міндетті таңбалау процесіне алдын ала дайын болу үшін кәсіпкерлерге екі жылдан астам уақыт берілді: 2019 жылдың 30 маусымында қанатқақты жоба іске қосылса, 2022 жылдың 1 қарашасында аяқ киімді таңбалау ережелері бизнеске көптеген жеңілдігі қарастырылған заңнамалық ережеге айналды.

Тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесінің негізгі мақсаты – Қазақстанда ашық сауданы дамыту. Жоғарыда аталған ақпараттық жүйеде (ТТҚ АЖ) аяқ киім өнімдерінің картасын тіркеген соң оған қатысты ақпарат пайда болады. Соның негізінде өнімнің бірегей таңбалау коды қалыптасады. Сол арқылы әр аяқ киімнің данасы жеке, яғни бөлек қадағаланады.

«Біріншіден, таңбалау процесі тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл арқылы сатып алушы қажетті өнім туралы толық ақпаратқа қанығып, таңдау құқығын иеленеді. Таңбалау мен қадағалаудың екінші маңызды мақсаты – көлеңкелі экономиканы тежеу. Яғни, заңсыз импортты және оған қатысты нарықты жою көзделіп отыр», деді QazTextileIndustry (дербес басқару ұйымы) ұлттық жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басқарма төрағасы Гүлмира Уахитова.

Былтыр елімізде қаңтар-наурыз аралығында 223,9 мың дана аяқ киім шығарылса, биыл оның мөлшері 421,5 мыңға жеткен. Өндірістік динамика 88%-ға артқан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда цифрлы таңбалау мен қадағалау тетігі 3 өнім түрлеріне қолданылып келеді. Атап айтсақ, 2020 жылдан бастап темекі өнімдеріне, 2021 жылдың қарашасынан бастап аяқ киім өнімдеріне, сондай-ақ былтырғы қараша айынан бері
90 дәрілік затқа қолданылып жатыр.

фото: ult.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл