Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды
Жаңалықтар

Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

11.07.2023
2 мин
3
413
qadam.asia

Соңғы 2,5 жылда Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды. Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны - 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды. 

Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды, олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді. Қазіргі уақытта тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.

Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Соңғы 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлікті құрайды.

«Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. Мәселен, 2023 жылдың басынан министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды»,- деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гулжан 11.07.2023
Халыққа өте ауыр зияны тиіп отырған букмекерлік ұйымдарға неге лицензия береді? Қандвй пайдасы бар халыққа? Денсаулық пен мәдениетке қосар қандай үлесі бар? Осылардың кесірінен қаншама халық қан жұтып белшесінен қарызға батып отыр? Неге сол туралы статистика келтірмейсіңдер? БУКМЕКЕРЛІК КӘСІПТІ ТҮБЕГЕЙЛІ ТОҚТАТУ КЕРЕК!
Жауап беру
B
Bako KZ 11.07.2023
Қазір екінің бірі топас қой. Сол топастардың арқасында букмекерлік компаниялардың жұмысы жүріп жатыр. Егер топас халық топастықты тоқтатса, әлгі компаниялардың жұмысы жүрмей өздері ақ жабылып қалар еді. Өкіметтің жазығы жоқ, менің ойымша.
Жауап беру
Ж
Жаннат 11.07.2023
Букмекерлік кеңсенің мемлекеттің дамуына ешқандай пайдасы жоқ, оған лицензия не үшін береді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл