Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әділет министрлігі мешітте қиған некенің заңды күші жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни рәсім бойынша тіркелген некенің заңдық күші жоқ екенін мәлімдеді.
"Неке және отбасы туралы" кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады. Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Ер мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелу керек, - деді ол.