Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Қазақстанда экокөліктерге сұраныс бар, бірақ инфрақұрылым тежеп тұр
Жаңалықтар

Қазақстанда экокөліктерге сұраныс бар, бірақ инфрақұрылым тежеп тұр

12.11.2025
мин
0
115
Сурет: BAQ.kz

Электрокөліктерге қызығушылық артып келеді, бірақ қолдау жеткіліксіз, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда экологиялық көліктерге қызығушылық артып келе жатқанына қарамастан, сарапшылар нақты қолдау шараларының жеткіліксіздігін атап өтті. Қазір салықтық жеңілдіктер мен инфрақұрылымның әлсіз дамуы электромобильдердің ел ішінде тұрақтап қалуына кедергі келтіріп отыр.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтың айтуынша, Алматының халқы 2040 жылға қарай 8 миллионға жетуі ықтимал. Осыған байланысты экологиялық жағдайды жақсарту үшін электромобильге көшу қажет.

- KEGOC мәліметіне сәйкес, елімізде энергия қуаты жеткілікті, яғни электр тапшылығы жоқ, — деді депутат.

Алайда сарапшылар ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуі электрокөлік нарығына теріс әсер етуі мүмкін деп есептейді.

Автосарапшы Алексей Алексеев нөлдік кедендік баждың арқасында электромобильдердің шамамен 12%-ға арзандағанын айтады.

- Бұл шешім халықты экологиялық көлікке көшуге ынталандырды. Бірақ жеңілдіктер тоқтаса, нарық баяулап қалуы мүмкін, — деді сарапшы.

Маманның пікірінше, мемлекет тек электромобильдерге емес, гибрид көліктерге де қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар жеңілдіктер жеке тұлғалармен қатар компанияларға да берілсе, бұл экология мен автопарктің жаңаруына оң әсер етпек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл