Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ет өнімдері бірнеше пайызға қымбаттады

09.11.2022
1 мин
4
1520

Биылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1,3 млн тонна дайын жем-шөп өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 11,8 пайызға аз.

Ranking.кz порталының дерегіне қарағанда, өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі - 347,3 мың тонна. Бір жылда өндіріс көлемі 3 пайызға артқан. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5 пайыз азайған) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4 пайызға көбейген) облыстары да кірді.

1 қазанға дейін республикада 9 млн бас ірі қара мал болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7 пайызға көп. Басқа түлік түрлерінің де саны артып келеді. Жылқы 3,8 миллионға, түйе 265,3 мыңға, қой 21 миллионға, құс 50 миллионға жетті.

Қазан айының қорытындысында ет және ет өнімдерінің бағасы бір жылда бірден 15,9 пайызға артты. Оның ішінде ет және құс еті — 14,6, шұжық өнімдері — 21,3%, басқа да ет өнімдері 15,7 пайызға қымбаттады.

Бір жылда сиыр етінің бағасы — 9,3, жылқы еті — 16,3, шошқа еті — 13,4, қой еті — 12,5, құс еті 28,6 пайызға, шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар - 22,2, жартылай ысталған шұжықтар 21,2 пайызға көтерілді.

Өңірлердің ішінде Маңғыстау облысында ет және ет өнімдері жыл ішінде бірден 22,6 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Павлодар (20%) және Ақтөбе (19,5%) облыстары тұр.

Қазан айында дүкендер мен базар сөрелерінде сиыр етінің келісі орта есеппен - 2,4 мың, қой еті — 2,7 мың, шошқа еті — 2 мың, жылқы еті — 3 мың, тауық еті — 1,4 мың, тауық сан еті — 1,2 мың, қайнатылған шұжық — 2,6 мың, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңгеден сатылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
М
Мика 09.11.2022
Қымбаттады дегенде үйреніп кеткенбіз өйткені жыл сайын емес күн сайын сағаттап саырау құлақ сияқты өсіп жатыр оны тексеріп отырған адам жоқ билік жоқ үкімет жоқ өйткені жоғарыдағылардың басы ауырып балтыры сыздамайды өйткені айлықтары асып артылып жетерлік бірдеме тындырғандай айлықтарын өсіріп өсіріп алдыда енді шындығын айтқанымдай мұрттарын балта шаппайды біз секілді 24сағаттың 12 сағат күн 15 сағат түн бір 70 не 80 мың айлық алса көрер ем өнерлерін онымен қоймай 55 не 60 мың кридит жапса халқым
Жауап беру

Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл