Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қазақстандықтардың есімдеріне, фамилияларына және әкесінің атына қатысты заң бойынша рұқсат етілмейтін жалғаулар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ресми өкілдің айтуынша, Әділет министрлігіне Қазақстанда фамилиялар, есімдер және әкесінің атының жазылу ережелері бойынша жиі сұрақтар түседі.
- Бұл норма “Неке және отбасы туралы” кодекспен реттеледі. Әділет министрлігі фамилия, есім, әкесінің атын өзгерту статистикасын жүргізбейді. Сондай-ақ, кодекс бойынша “тегі”, “ұрпағы”, “немересі”, “шөбересі”, “келіні” жалғауларын қосуға жол берілмейді, - деді Уәли брифингте.
ҚР “Неке және отбасы туралы” кодексіне сәйкес, неке қию кезінде ерлі-зайыптылар бір-бірінің фамилиясын ортақ фамилия ретінде таңдай алады, әрқайсысы өздерінің некеге дейінгі фамилиясын сақтай алады немесе біреуі (екеуі де) өз фамилиясына жұбайының фамилиясын қосуына болады. Егер некеге дейінгі фамилияның біреуі қосарланған болса, фамилияларды біріктіруге болмайды.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде фамилиясын өзгерткен жағдайда азамат бір ай ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.