Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өздерін "инвестициялық компаниялар" ретінде көрсететін ұйымдар туралы ақпарат жариялады.
2020 жылдан бастап, Агенттікке жоғары кірістілік кепілдігіне уәде бере отырып, клиенттердің ақшасын инвестициялық мақсаттар үшін тартатын лицензиясы жоқ компаниялардың қызметі мәселелері бойынша 40-тан астам шағым мен өтініш түскен.
Осындай компаниялар көп жағдайда оффшорлық аймақтарда тіркелген және олардың қаржы реттеушісінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ. Олар клиенттерге консультациялар беруді ұсынады және өз сервистері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағында аталған компаниялар негізінен қашықтан, өкілдіктер мен филиалдар, не сенімхат бойынша өкілдер арқылы жұмыс істейді.
Агенттік Қазақстан Республикасының азаматтарын агрессивті жарнамаға берілмеуге шақырады және түсінікті әрі айқын құқықтық режимі бар компаниялармен жұмыс істеуге ұсыным береді.
Лицензиясы жоқ компаниялардың тізімі: