Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
COVID-19 тағы қайталанатын болса, елдегі әр бесінші кинотеатр жабылуы мүмкін.
Қазіргі кезде кинотеатрлар жұмыс істемейді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда кинотеатр саласындағы шығын сомасы 15 млрд теңгені құрайды. Қарағанды қаласындағы кинотеатрда жұмысшылардың 60 проценті жұмыстан кеткен.
«Жылу қызметінің өзіне 2 млн теңге қарызымыз бар. Суға 500 мың теңге, электр энергиясына 1 млн 800 мың теңге төлеу керек. Жиыны бір ғана коммуналдық қызмет үшін қарыз 5 млн теңгені құрайды. Қызметкерлерге жалақы беретін жағдайда емеспіз. Бүгінде олар да жұмыссыз отыр» , – деді кинотеатр желісінің директоры Фарух Құдайбергенов.