471.98
543.39
5.82
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда колледждердің өндірістік қызметіне жаңа мүмкіндік ашылды
Жаңалықтар

Қазақстанда колледждердің өндірістік қызметіне жаңа мүмкіндік ашылды

05.08.2026
мин
0
67

Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында Кәсіпкерлік кодекске енгізілді. Бұған дейін колледждер оқу-өндірістік процесс шеңберінде өндірілген өнімді өткізе алғанымен, мемлекеттік колледждер қызмет түрлерін кеңейту немесе өзгерту кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алуға міндетті болатын. Енді бұл әкімшілік кедергілер жойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа мүмкіндіктер колледждерге оқу-өндірістік шеберханалардың әлеуетін тиімді пайдалануға, нақты тапсырыстарды орындауға және өндірістік бағыттарын дамытуға жол ашады. Студенттер оқу барысында нан өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, жиһаз және басқа да өнімдерді дайындауға қатысып, болашақ мамандығын нақты өндірістік ортада меңгере алады.

Мұндай қызметтен түсетін кірістер колледждердің жабдықтарын жаңартуға, оқу-өндірістік шеберханаларды жаңғыртуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталады.

Қазіргі таңда еліміздегі 37 колледждің базасында 66 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп, 51 колледж үшін 38 бағыт бойынша қосымша қызмет түрлерін іске қосу мәселесі қарастырылуда.

Қабылданған өзгерістер студенттердің практикалық даярлығының сапасын арттырып, нақты өндірістік тәжірибесі бар және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға қолайлы жағдай жасайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл