Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде ағымдағы жылдың тамыз айында коммуналдық қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 2,5 процентке қымбаттаған.
Еnergyprom.kz мәліметіне сүйенсек, коммуналдық қызмет ең қымбат өңір Батыс Қазақстанда (6,8%), елордада (5,2%) және Атырау облысында (4,2%) анықталды. Ақтөбе облысында баға 0,7%-ке төмен.
Қалдықтарды жинау (11%), сондай-ақ электр энергиясы (4,8%) айтарлықтай өскен. Кәріз құбырлары қызметі (3,1%), орталықтан жылыту (2,9%), салқын су (2,1%) және ыстық су (1,3%) бағасы арзандады. Орталықтан жылыту тарифтері тамыз айында бір Гкал үшін 3,3 мың теңгені құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3% төмен.
Жылу энергиясы Шымкент пен Атырау (бір Гкал үшін 5,1 мың теңге) және алматы тұрғындары (1 Гкал үшін 5 мың теңге) үшін қымбат. Ең арзан баға Көкшетауда тіркелген (1 Гкал үшін 1,6 мың теңге).
Тағы көру