Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Заңда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін сотталғандарды босату ұсынылады. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар, залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар тобы жатады.
Алдын ала есептеулерге сәйкес рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында отырған 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылады.
Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Ал сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденіп алғаны немесе ысырап еткені немесе аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар үшін қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал мен оларға қойылған талап-арыздар толық өтелген жағдайда негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшері бестен бір бөлікке қысқартылады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы 5,4 мың сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылады. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал санаттағы 629 адам рақымшылыққа ілініп, оның 57-сі босатылады, 572 адамның мерзімі қысқартылады.
Рақымшылық қолдану туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталушыға жеке қабылдайды.