Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі

21.05.2025
1 мин
0
528
Сурет: kazgazeta.kz

Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Заңды Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатымен Үкімет әзірлеген. Ол міндетті медициналық сақтандыру саласындағы мемлекеттік қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Заң тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін ажырата отырып, медициналық көмектің бірыңғай пакетін құруды ұсынады. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін (жедел, шұғыл, паллиативтік көмек, жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу) айқындау өкілеттігі беріледі. 

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен міндетті медициналық сақтандыру пакетіне ауыстырылады. Бұл ретте депутаттардың бастамасымен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің кейбір түрі (медициналық көмекке алғашқы сұраныс, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу қызметтері) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетінде қалады.   

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдардың жоғарғы шегі жұмыс берушілер үшін 40 ең төменгі жалақы және қызметкерлер үшін 20 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленді. Бұл ретте "Д" және "Е" санаттарына жататын жұмыссыздар мен жұмыс істемейтін тұлғаларға (дағдарыс, әлеуметтік қамтудың төтенше деңгейлері) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жарналар енгізу ұсынылады. Жарналарды есептеу объектісі тиісті аймақтағы орташа айлық жалақымен анықталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл