Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов заң жобасын таныстырған кезде айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Оның сөзінше, заң жобасы депутаттардың бастамашылығымен әзірленген. Заңда үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған. Соның бірі - балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты нормалар.
«Соңғы кезде мектеп ғимараттарының төбелерінің құлауы сияқты фактілер жиілеп кетті. Сондықтан біраз жылдар бойы жұмыс істеп тұрған осындай ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұру өте маңызды деп санаймыз. Заң жобасында 30 жылдан аса пайдаланылып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын әр 5 жыл сайын апаттық қауіп бойынша тексеру туралы норма ұсынылды», - деді Асхат Аймағамбетов.
Кезекті мәселе - балалардың терезелерден құлауы.
«Өкінішке қарай, соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасында терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі. Бізде әлеуметтік нысандармен, мектептер мен балабақшалармен қамтамасыз етіп алмай тұрып, көпқабатты үйлерді салу проблемасы бар. Әсіресе мегаполистерде. Осының кесірінен жұмыс істеп тұрған мектеп үш ауысымға көшеді, балалардың денсаулығына қауіп төнеді, ал енді мектеп салайын десе жақын жерде бос жер де қалмайды. Осыған орай заң жобасына жаңа талап енгізілді. Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады», - деді Аймағамбетов Мәжілісте.