Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан ОПЕК+ мемлекеттерімен бірге 2023 жылдың мамырынан бастап мұнай өндірісін қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес мамырдан бастап елімізде мұнай өндірісі 78 мың баррельге қысқартылады.
Бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы болып табылады.
Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде Мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымы мен оның серіктес мемлекеттері мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге дейін қысқартуға келіскен болатын.
фото: inbusiness.kz