| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі азаматтарды ұрланған ұялы телефондарды сатып алмауға шақырды. Ведомство мұндай әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салып, елде телефон ұрлығы азайғанын айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz
Қазақстанда ұялы телефон мен қалта ұрлығына қатысты қылмыстар саны төмендеп келеді. ІІМ мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40 пайызға азайған.
Құқық қорғау органдары осы кезеңде 900-ден астам қылмыстың бетін ашып, жоғалған телефондарды иелеріне қайтарды. Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтарға қатысы бар 700-ден астам адам жауапқа тартылған.
Полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы жұмыстарды да күшейткен. Нәтижесінде ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 топтың әрекеті тоқтатылды.
ІІМ ұрланған құрылғыларды сатып алып, қайта сататын орындарға ерекше бақылау жүргізіп жатыр. Алматыда жүргізілген рейдтердің бірінде бұрын сотталған азамат ұсталып, одан 30-дан астам ұялы телефон тәркіленген.
Ведомство өкілдері азаматтарды қоғамдық орындарда сақ болуға, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық жауапкершілікке себеп болатынын ескертті.