| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Гранттардың басым бөлігі инженерлік-техникалық және IT бағыттарына бағытталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының көлемі бекітілгенін хабарлады. 2026–2027 оқу жылына жалпы 89 457 грант бөлінген.
Оның ішінде 75 371 грант бакалавриатқа, 11 007 грант магистратураға және 3 079 грант докторантураға арналған.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік тапсырысты бөлу елдің 2030 жылға дейінгі кадрлық қажеттілігіне сәйкес жоспарланған. Болжам бойынша, Қазақстан экономикасына 883 мыңнан астам маман қажет болады. Соның ішінде инженерлік салада шамамен 530 мың, педагогикалық бағытта 185 мыңнан астам, ал қалғаны өзге салалар бойынша мамандарға сұраныс бар.
Осыған байланысты гранттарды бөлу кезінде инженерлік-техникалық, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарына ерекше басымдық берілген. Жалпы гранттардың 60 пайызы инженерлік, IT және ауыл шаруашылығы салаларына бағытталса, 21 пайызы педагогикалық мамандықтарға бөлінген.
Айта кетейік, биыл 10 мамырда негізгі ҰБТ басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Оған шамамен 240 мыңға жуық талапкер қатысуға өтініш берген.