Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол АҚШ-тан тыс орналасқан үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Академияның қызметін бастау туралы келісімге қол қою рәсімі 1 наурыз күні Energo University алаңында өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янг қатысты.
Әлемге әйгілі академия филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде басталады. Оқу заманауи кампуста, Алматы маңындағы Қаскелең қаласында орналасқан Energo University шығармашылық индустриялар паркінде өтеді.
Филиалда оқыту күндізгі форматта жүргізіледі, сабақтарды АҚШ-тан арнайы шақырылған NYFA-ның кәсіби оқытушылары өткізеді. Оқу бес бағыт бойынша жүргізіледі:
Академияның алғашқы қабылдауында Қазақстан мен көршілес елдерден (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарланған. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер америкалық университет дипломын алып, білімін Нью-Йорк немесе Лос-Анджелесте жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау комиссиясына +77076006493 нөмірі арқылы, сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне +77019990321 нөмірі арқылы хабарласуға болады.