Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ — ДСМ
Жаңалықтар

Қазақстанда нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ — ДСМ

26.01.2026
мин
1
208

Қазақстанда нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ДСМ-ге сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады. Медициналық ұйымдар инфекцияны әкелу мүмкін болған жағдайда дайындыққа келтірілді.

Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды. Инфекцияның таралуының профилактикасы мақсатында эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге болу елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Анықтама: Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін. Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін. Бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық болып табылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Марлен 27.01.2026
Бұқа еті бойынша неге экспортты ашпай жатыр? Былтыр жем 60 тг шамасында болды ет 3500 тг жобамен. Қазір жем 120 тг ал ет 2900 тг. Қаншама қазақ шаруалар ет өткізе алмай жатырмыз, сұраныс жоқ, ет арзан ішкі нарықта. АҚТАМАЙДЫ.! кредитке алынған бәрі. Өзбекстанды 1 айға ашса шаруаларға жақсы болар еді. Кәзір бәрінің малы сойуға дайын тұр!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл