Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2023 жылы Қазақстанда 123,6 мыңнан астам неке заңды түрде тіркелді. Олардың басым бөлігі Астана қаласында тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылы республика бойынша 123,6 мың неке тіркелді. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті 6,13-ті құрады. Ең жоғары көрсеткіш Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70 болды. Ал ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркеліп, 5,58-ге тең болды, – делінген ресми мәліметте.
2023 жылы шаңырақ көтергендердің көпшілігі 20 мен 24 жас аралығындағы жастар. Ал алғашқы некеге отырудың орташа жасы ерлер үшін – 27,9 жас, ал әйелдер үшін – 25,2 жас болды.
Тіркелген некелердің 18,2 пайызы — этносаралық одақтар. Ал қыздардың 41 пайызы, ер адамдардың 38 пайызы жоғары білімге ие болған.
Айлар бойынша алғанда, ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ал ең аз тіркелген кезең – мамыр айы, онда 8 453 неке қиылған.