Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қанша адам миллион теңге жалақы алады?
Жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам миллион теңге жалақы алады?

02.10.2021
1 мин
1
1235

2021 жылдың сәуіріндегі дерек бойынша, Қазақстан азаматтарының жартысынан астамы 180 мың теңгеден төмен айлық жалақы алады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Әр бесінші қазақстандық айына 90 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал әр үшінші адам 90-180 мың теңге аралығындағы айлық алады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстандағы жалақы көлемі өскен сайын оны алатын адам саны да қысқара береді. Ел азаматтарының 2,6%-ының (75,4 мың адам) еңбек ақысы 450-540 мың теңге аралығында, ал 0,6%-ының (17,4 мың адам) айлық жалақысы 720-810 мың теңгеге дейін барады. Қызметкерлердің тек 1,2%-ы (шамамен 34,8 мың адам) 990 мыңнан астам теңге айлық табады.

Ірі кәсіпорындардағы ең көп жалақы алатындар – жетекшілер мен мемлекеттік қызметкерлер. Олардың орташа жалақысы – 372,1 мың теңге. Екінші орында кәсіби мамандар тұр, орташа жалақысы – 258,7 мың теңге. Ең аз жалақы алатындар – әкімшілік саладағы қызметкерлер, орташа жалақысы – 168,5 мың теңге.

Айта кетейік, деректер ірі кәсіпорындардың 2,9 млн жұмысшысының жалақысы негізінде анықталған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын ұйымдар ескерілмеген.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15297 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
К
Казыбек 02.10.2021
Айлык 90 га арен жетедиго млн армандамайак кояйык депутаттар аламаса
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл