Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Брифингте 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елде 473 пана іздеуші мен 259 босқын тұратыны айтылды.
«Ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында Еңбек министрлігі мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның нормаларымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Босқындарға медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру бойынша ұсыныстар әзірленді. Пана іздеп жүрген адамдардың жаппай келуі жағдайында уақытша қоныстану пункттерін және оларды қабылдау тәртібін айқындау жөніндегі тиісті ережелер бекітілді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.