Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтау портына - 61 жыл. Осыған орай Көлік министрлігі теңіз көлігіне қатысты бірқатар дерек айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елімізде үш порт бар. Олар: Құрық, Ақтау және Баутино. Үшеуі де Маңғыстау облысында орналасқан. Аталған порттарда 1500-ге жуық теңізші еңбек етеді.
Ақтау портына 61 жыл толды. Портқа Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей және т.б. елдерден жүк келеді. Баутино жүк портының айлағы алғаш рет жұмысын 1887 жылы бастады.
Ал ең жас порт - Құрық порты. Ол 2016 жылдан бастап жұмысын бастады. Биыл мамандар порттың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Порт түбі 1,5-2 метрге тереңдейді. Бұл порттағы терминалдардың өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері қазақстандық теңіз порттары арқылы 5 млн тонна жүк ауыстырылып тиелді. Негізгі тасымалданатын жүктер қатарында мұнай, металдар, астық бар.