Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылы құрылыстағы баға 0,6%-ке, ал жаңа тұрғын үй құны 5%-ке өсті.
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыстағы баға индексі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,6%-ке өскені белгілі болды. Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстары 0,2%-ке арзандағанымен машиналар мен жабдықтар 2,3%-ке қымбаттады. Ал басқа шығындар 2,1%-ке артты.
Сондай-ақ 2020 жылдың желтоқсанында кірпіш қарашадағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ке, құм мен қиыршық тас қоспалары 1,3%-ке, электр жабдықтары 0,7%-ке және құрылыс ерітінділері 0,4%-ке қымбаттаса, табиғи құм 2,2%-ке, жол битумдары 1,5%-ке және портландцемент 0,1%-ке арзандады.
Тұрғын үй құнына келер болсақ, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылы жылжымайтын мүлік Павлодар мен Қарағанды қалаларында айтарлықтай қымбаттаған. Яғни Павлодарда шаршы метр үшін 30,8%-ке, ал Қарағандыда 22,5%-ке артты.
Ақтау қаласында тұрғын үй құны керісінше 14,4%-ке төмендегені байқалды.
Нұр-Сұлтанда жылжымайтын мүлік бағасы ел бойынша ең жоғары көрсеткіш бір шаршы метр үшін 392,7 мың теңгені құрап, 5,1%-ке өсті.
Қазақстанда тұрғын үй ең арзан сатылатын қалалар Тараз бен Петропавл екені анықталды.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру