Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда қымыз өндірісі артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткіші өскені байқалады.
Өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6%-ға өсіп, 2 463 тоннаға жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.
Алайда шұбат өндірісі 2%-ға төмендеп, 3003 тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз.