Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қыз алып қашу үшін жаңа жаза енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда қыз алып қашу үшін жаңа жаза енгізілуі мүмкін

05.02.2025
1 мин
0
148

Қазақстанда қыз алып қашу үшін жаңа жаза енгізілуі мүмкін. Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов бұл мәселе бойынша өзгерістер ұсынылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттың айтуынша, заңға түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

- Мен тиісті өзгерістерді ұсындым, қазір олар Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық-процестік кодекстерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Әртүрлі жауапкершілік шаралары қарастырылуда, оның ішінде қылмыстық жаза – бас бостандығынан айыру, айыппұлдар және қоғамдық жұмыстар, – деді Әбенов журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, қыз алып қашқаны үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру ұсынылған.

- Егер бұл қылмыс бірнеше адаммен ұйымдасқан түрде жасалса, кәмелетке толмаған қызға қатысты болса немесе жәбірленушіге зиян келтірілсе, жаза 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды. Сондай-ақ, егер қыз еркінен тыс үйінде ұсталып, оған психологиялық немесе физикалық қысым көрсетілсе, заң оны қорғауға тиіс, – деп түйіндеді депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл