| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Парламенті жаңа конституциялық кезеңге қадам басқалы отыр. 29 маусымда Сенаттың соңғы отырысы өтіп, ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның нормалары күшіне енеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
29 маусымда Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы пленарлық отырысы өтті. Ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті сессия ресми түрде жабылады. Осыдан кейін, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі қос палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады.
Осылайша, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған қос палаталы заң шығарушы орган өзінің 30 жылдық қызметін аяқтайды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алдағы кезең елдің саяси жүйесі үшін жаңа бетбұрыс болады. Ол Сенаттың көпжылдық тәжірибесі жаңа форматта жұмысын бастайтын Құрылтай қызметінде жалғасын табатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар палата төрағасы Сенаттың үш онжылдықтағы жұмысына тоқталды. Оның мәліметінше, осы уақыт ішінде 890 пленарлық отырыс өткізіліп, 3 500-ден астам заң қабылданған.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда мемлекеттік хатшы институтын таратып, оның орнына вице-президент қызметін енгізуді ұсынған болатын. Кейін қабылданған конституциялық заңда вице-президенттің құқықтық мәртебесі, өкілеттігі және тағайындалу тәртібі нақтыланды.
Жаңа ережеге сәйкес, вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге қатысады. Ал Президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда оның конституциялық міндеттерін уақытша атқарады.