Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін елімізде Парламент Сенатына сайлау өтеді. Сайлауға 46 үміткер қатысады. 17 аймақтан бір депутаттан сайланады. Өйткені осы жылдың қазан айында 2014 жылы сайланған 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталады.
Сайлау бюджеті
Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен парламент сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі.
Ал кандидаттың сайлау қоры 8 500 000 теңгеден аспауы шарт.
Белгіленген мөлшерден тыс түскен ақшалай қаражат сайлау қорына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен жабылады. Жасырын қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне айналады. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат қана жіберілуі тиіс.